МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ЖАУАПТЫ ІС

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ЖАУАПТЫ ІС

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің  2020-2021 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарына сәйкес  кәсіптік бағдар берушілер Жамбыл атындағы орта  мектеп, Қ.Есқалиев атындағы орта мектептеріне барып, мектеп әкімшілігімен келісе отырып, 9 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

9 сынып оқушыларына Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің оқу процесінің ұйымдастырылуы, материалдық-техникалық базасының жаңаруы,студенттердің бос уақыт ұйымдастыру жайы, студенттерге берілетін жеңілдіктер туралы, әр мамандыққа тоқталып таныстырылып өтті. Бірқатар оқушылардың мамандыққа деген қызығушылықтары байқалды.

 Алға қарай да кәсіби бағдар беру жұмыстарын  жалғастыра  беремін.

Кәсіби бағдар беруші: А.Жалғасова


Жарияланды: 27.04.202107:46

Автор: