Менің әдістемелік шеберханам

Ақпан айында Атырау облысы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Менің әдістемелік шеберханам” ТжКББ ұйымдарындағы өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының шеберлік сыныптарының онкүндігі аясында колледжіміздің «Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтері» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Маңғыт Сағидолла Сайынұлы «Слесарлық жұмыстарды орындауға арналған қол аспабы мен құралдары» тақырыбындағы үздік сабағын және «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының өндірістік оқыту шебері Бактыгереева Айнур Аскаровна «HTML гипермәтін белгілеу, CSS стильдерін пайдалану» тақырыбында, «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының өндірістік оқыту шебері Салахадинов Нурсултан Каиргалиевич «Қабырға жіктерін бітеу және бұрыштарын шығару» үздік тәжірибелік сабақ аталымы бойынша шеберлік сабақтарын көрсетті.


Жарияланды: 23.02.202213:55

Автор: