PBTS (мектептерге арналған PISA) халықаралық зерттеулері өтуде
14 қараша күні Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде PBTS (мектептерге арналған PISA) халықаралық зерттеуі өтіп, 15 жас 2 ай – 16 жас 3 ай мерзіміндегі 41 студент алғаш рет өз білімдерін сынға салды. Оқушылар белгіленген уақыттарда үзіліс алу арқылы екі сағат тапсырма орындап, 45 минут уақытында сауалнамаға жауап берді.
Халықаралық зерттеу тапсыру кезінде академиялық адалдық талаптары жоғары деңгейде сақталды.
Студенттердің Халықаралық зерттеуге қатысуы, өзін – өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануларына мүмкіндік береді.