Педагогикалық оқу өткізілді.

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жандандыру, кәсіби деңгейін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені анықтау және насихаттау мақсатында «БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ» тақырыбында колледжішілік педагогикалық оқу өткізілді. Педагогикалық оқудың ережесіне сай белгіленген басым бағыттарға сәйкес дене тәрбиесі пәнінің педагог-модераторы Б.Абенов “Жаңартылған білім беру бағдарламасының әдістері арқылы дене тәрбиесі сабағында жасөспірімдер ортасында жағымсыз құбылыстардың алдын алуды ұйымдастыру” және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-модераторы Г.Төлеген “Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану”  тақырыптарында өз шығармашылық жұмыстарымен тәжірибе бөлісті, сабақтары мен жұмыс нәтижелерін көрсетті.

Екі оқытушының да жұмыстары үздік танылып, облыстық педагогикалық оқуға жолданды.


Жарияланды: 10.03.202115:32

Автор: