«Профилактика – даму мен жетістік» педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған облыстық екі күндік форум басталды.

«Профилактика – даму мен жетістік» педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған облыстық екі күндік форум басталды.
Атырау облыстық әкімдігі, облыстық Білім беру басқармасы және облыс прокуратурасының “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында бірлесе ұйымдастырған форумның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру және бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер бойынша ортақ пікір қалыптастыру.
Форумның алғашқы күніндегі пленарлық отырысты Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Марат Абуов ашты.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, Атырау облысы прокурорының көмекшісі О. Хамитов, Атырау облысының Құрметті азаматы, Білім беру ісінің үздігі, Құрмет орденінің иегері Қ. Қайненов бүгігі тақырыптың маңызына тоқталды.
Спикерлер өз сөздерінде ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығына, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктеріне, сондай-ақ мектептердің психологиялық қызметін күшейтудің қажеттілігіне тоқталды.
Форум аясында 300- ге жуық педагог-психолог тәжірибе алмасып, оқушылармен жұмыстың жаңа әдістерін талқылады. Қатысушылар мұндай кездесулер мамандардың кәсіби білігін арттырып қана қоймай, өңірде балалардың қауіпсіз дамуына бағытталған жүйелі жұмысқа серпін беретінін атап өтті.
Форум түстен кейін секциялық жұмыстармен жалғасты.
HR+ автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық мониторинг жүйесі;
Арт-терапия әдістері;
Психологиялық кеңес беру тәсілдері
Аддиктивті мінез-құлық: диагностика, терапия;
Жасөспірімдердің эмоционалдық интеллектісі туралы спикерлер кеңінен ақпарат берді.


Жарияланды: 29.01.202609:00

Автор: