Республика күні — ел тарихындағы ерекше белес.

Республика күні — ел тарихындағы ерекше белес. Ол – ұлттық сананың жаңғыруы мен егеменді ел болуға деген халықтың зор сенімінің көрінісі. Егемендік алған сәттен бастап мемлекетіміз саяси тұрақтылық пен экономикалық даму жолында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстан – халықаралық беделі биік, бейбітшілік пен келісімді ту еткен ел.
Біздің басты байлығымыз – ел бірлігі. Ұлты мен тіліне, діні мен дәстүріне қарамастан, барша азаматтар еліміздің дамуына адал қызмет етіп келеді. Бұл – нағыз патриотизмнің айғағы.
01-к-Т оқу тобы. Топ жетекші Ж.Қапсәлімова
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#адалазамат_біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#индерколледж
#25Қазан
#Декларация35жыл
#МеніңҚазақстаным


Жарияланды: 29.01.202609:33

Автор: