Құрметті студенттер және ата-аналар!

Құрметті студенттер және ата-аналар! Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу үшін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы    № 20 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің  2020 жылғы 14 наурыздағы «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында,  жетім-балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы» № 108 бұйырығы негізінде, Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі16 наурыздан бастап қашықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Оқу үрдісі оқыту кестесіне сай жүргізіледі. Колледждің оқыту үрдісі 16 наурыздан бастап қашықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Оқу үрдісі оқыту кестесіне сай жүргізіледі. Колледждің оқыту үрдісі EDUS жүйесіне қосылған. Студенттер жеке логин, паролімен жүйеге қосылып, күнделікті оқу материалдарын пайдаланып, қашықтан дыбыстық  және бейнелік, жазбалық  дәріс  туріндегі  сабақтарына қатынасып , тапсырмаларын орындап, оқытушы мен тығыз байланыс орнатып, кері байланысқа түсу мүмкіндігіне ие бола алады. Ұсынылған сандық платформалар көмегімен (zoom,Skype), үй жағдайында  интернет желісіне қосылған компьютер, ноутбук, планшет, ұялы телефон құрылғылары арқылы қашықтан оқу мүмкіндіне ие болады.
Құрметті ата -аналар! Балаларыңыздың осындай қауіпті жағдайда көз алдарыңызда, жандарыңызда  болғанымен қатар, сіздердің тараптарыңыздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Балаңыздың уақытында онлайн сабағына кіруін, берілген тапсырманы уақытында орындауын қадағалап, топ жетекшілеріңізбен тығыз байланыста болуларыңыз сұралады.Мемлекеттік тапсырыспен оқитын студенттер шәкіртақысы  жоғарыдағы  бұйрыққа сәйкес, уақытында төленетдігін хабарлаймыз.
Құрметті студенттер! Жеке басыңыздың тазалығын мұқият қадағалаңыз! Көпшілік шоғырланған жерлерге бармаңыз! Сіздердің денсаулықтарыңыз бен амандықтарыңыз біз үшін өте маңызды! Топ жетекшілеріңізбен тығыз байланыста болуларыңыз сұралады.
Колледж әкімшілігі.


Жарияланды: 30.03.202010:15

Автор: