«Шынықсаң, шымыр боларсың»
Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазақ күресінің ережелері мен ерекшеліктерін меңгерту, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ұлттық спортты дәріптеу мақсатында Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде дене тәрбиесі және АӘД пәндері бойынша апталық аясында оқытушылар Б.Абенов пен Е.Ермековтің ұйымдастыруымен алғаш рет қазақ күресінен “Колледж барысы” турнирі өткізілді. Турнирге 1-2 курс студенттерінен 10 студент қатынасып, өте тамаша белдесу болды. Турнирге колледждің ІІІ курс студенті, әртүрлі спорт додалары бойынша аудан, облыс намысын қорғап жүрген жас спортшы Байбақты Есенжол төрелік етті. Турнир нәтижесінде таза жеңіспен 02-АШТМ топ студенті Төлеген Исламбек ІІІ орын, 01-Ашм-ЖШ топ студенті Теміров Бақберген ІІ орын және басым көрсеткішпен 01-Ашм-ТМ студенті Жауынов Ербол “Колледж барысы” атанды.
Апталық аясында студенттермен таңғы жаттығу жасалды. Жаттығу барысында студенттерге таңғы жаттығудың денсаулыққа пайдасы, күні бойы сергек жүрудің сырлары айтылды.
Дене тәрбиесі және АӘД пәндері бойынша апталық аясында дене тәрбиесі пәні оқытушысы Е.Ермековтің ұйымдастыруымен Үстел теннисінен колледжішілік жарыс өткізілді. Жарысқа студенттер жоғары белсенділікпен қатынасты, нәтижесінде І орынды Серік Гамзат, ІІ орынды Саламат Расул және ІІІ орынды Сағынтай Әділ иеленді.
Студенттерді Отан қорғауға, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге қызығушылықтарын оятуға, құрмет көрсетуге баулу, моральдық, физикалық тұрғыдағы табандылыққа және әскери іс жөніндегі білімдері мен тәжірибелерін шыңдау, қауіп – қатер төнгенде жеке басын сақтандырумен қатар, жолдастарына дер кезінде көмек бере білуге, достыққа тәрбиелеу мақсатында апталық аясында алғашқы әскери пәнінің оқытушысы Е.Сабитовтың ұйымдастыруымен «Отан – оттан да ыстық” әскери- спорттық эстафеталық сайыс өткізілді. Шара жоғары деңгейде өткізіліп, студенттер белсенділік танытты,оларға қолдау көрсетілді.