Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі бойынша бірыңғай өткізілген «Адалдық сағаты» туралы ақпарат
2019 жылдың 2 қыркүйек күні Индер көп бейінді ауылшаруашылық колледжінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өтті. Жастар жылына орай ұйымдастырылған «Адалдық сағатының» мақсаты – Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау, білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Аталмыш шараға лектор ретінде халықаралық дәрежедегі AIBA төреші, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, студенттер чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы, Бүкілодақтық және халықаралық турнирлердің жүлдегері, «Дене шынықтыру және спортқа сіңген еңбегі үшін» медаль иегері, жоғары санатты оқытушы, ардагер ұстаз Ермұхан Алтыбай Намазұлы және арнайы топ мүшесі, колледж директоры Құнас Бағытжан Ниетқалиұлы және НұрОтан партия мүшелері қатынасты. Топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен әр оқу тобына лекторлар Сыбайлас жемқорлық пен күрес жолдары туралы баяндама оқыды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, негізгі төрт құндылық, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мақсаттары, әртүрлі статистикалар арнайы слайдтар арқылы көрсетілді. “Адалдық сағаты” жоғары деңгейде өтті. Біздің ұранымыз – «Жастар таңдауы – жемқорлықсыз болашақ».
https://www.facebook.com/100011657198289/posts/928448920887006/
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі бойынша бірыңғай өткізілген «Адалдық сағаты» туралы ақпарат
2019 жылдың 15 қазан күні Индер көп бейінді ауылшаруашылық колледжінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жоспарына сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, студенттердің санасына адалдық, парасаттылық секілді адамгершілік қасиеттерді сіңіру, әділдікті ұстануға шақыру мақсатында «Адалдық сағаты» өткізілді. «Адалдық сағат ына» Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Индер ауданының Құрметті азаматы»,еңбек ардагері Нұриев Өтеп Қасибаұлы мен аудандық Сот кеңсе меңгерушісі, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметкері» медалінің иегері Егізбаева Гүлфара Кужагуловна қатынасты. Студенттермен өткізілген «Адалдық сағатында» еңбек ардагерлері сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне, болашағына тигізер зиянын, әділдік деген ұғымға дақ түсіретін, адамгершілік ұғымына таңба салатын зиянды әрекет деп санап, жастарды әділдік пен адалдықты ту ететін, саналы адам болып өсуге шақырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін шақырылған қонақтар оқу топтарына кіріп, адалдық сабағын үлкен дәрежеде өткізді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=961851467546751&id=100011657198289
https://www.instagram.com/p/B3qw9D3B4Zv/?igshid=1v3pnufyi[nh
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі бойынша
«Парасаттылық мектебі» жұмыс туралы ақпарат
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі бойынша студенттердің сапалы білім алуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырып, олардың бойына өнегелі өмір қағидаларын сіңіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттерін қалыптастырып,парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Парасаттылық мектебі» жоспарлы жұмыстарын ұйымдастырды. Әрбір студенттің бойына адалдық қасиеттерін сіңіріп, ұлтжанды, адамгершілігі мол, парасатты,сыбайлас жемқорлықтан аулақ, еркін өмір сүре алатын жастар болуға шақыру мақсатында әр топтың студенттері «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» ұранымен топ студенттері арасында спорттық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
Оқу топтарының кураторларының ұйымдастыруымен « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- әр азаматтың міндеті» тақырыбымен тәрбиелік шаралар өткізілді. (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1062364737495423&id=100011657198289)
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң тарауларымен таныстырылып, қоғамымыздың дамуына нұқсан келтіретін дерттен арылу жолдары ,қоғамда саналы,парасатты,адал,таза тұлға болудың маңыздылығы туралы әңгімеленіп, талқыланды. Студенттердің санасына адалдық, парасаттылық секілді адамгершілік қасиеттерді сіңіру, әділдікті ұстануға шақыру мақсатында « Адалдық сағаты » өткізілді . « Адалдық сағатына » облыстық,аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы қатынасты. Студенттермен өткізілген «Адалдық сағатында» сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне, болашағына тигізер зиянын, әділдік деген ұғымға дақ түсіретін, адамгершілік ұғымына таңба салатын зиянды әрекет деп санап,жастарға түсіндірді. (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1073096143088949&id=100011657198289)
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әр оқу тобы кураторларының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қашықтықтан онлайн форматта Whatsapp желісі арқылы,ZOOM платформасымен шаралар өткізілді.
Қашықтықтан Адалдық сағатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік ұсынған «Адалдық мұра еткен Ұлы Абай» атты бейне-дәріс қарау арқылы ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/100011657198289/posts/1142022502862979
Всего комментариев: 0