«ТАБИҒАТ-ТІРШІЛІКТІҢ ҚҰТ БЕРЕКЕСІ»

18-28 сәуір аралығында Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде Жаратылыс тану, математика пәндері бірлестігінің онкүндігі өтті. Апталық аясында газеттер шығарылып, пән дәптерлерінен көрме ұйымдастырылды. Саптүзеулерде мынадай тақырыптар  қамтылды: «Табиғат-тіршіліктің құт берекесі», «Математика және көркем әдебиет», «Құбылыстар құпиясы», «Химия-өмір. Өзіңізді білесіз бе?». Күннің екінші жартысында «Информатика-ғасыр талабы», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», «Жас физиктер», «Ұрпақ азбасын, ұлт тозбасын» сияқты шаралар өтті. Апталыққа студенттер белсенділікпен қатысты.


Жарияланды: 28.04.201709:38

Автор: