Тарих толқынында тоғысқан тілдер
Тарих толқынында тоғысқан тілдер
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде “Тарих толқынында тоғысқан тілдер” тақырыбында қоғамдық пәндер апталығы өткізілді. Апталықтың ашылуында қазақ жерінде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстар және олардың тілдері туралы тарихи деректер таныстырылып, студенттер үш тілде- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тіл мәртебесі туралы пікірлер жеткізіліп, апталық жоспарына енгізілген шараларға қатынасуға шақырылды.
Апталық аясында ағылшын тілі пәні оқытушысы Б.Мырзахметованың ұйымдастыруымен “Take the jackpot” квест ойыны колледж алаңқайында өткізілді. Аталмыш ойынға сарапшы ретінде Индер аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Т.Нұрланұлы шақырылды. Қосалқы сарапшылықта колледж директоры Б.Құнас, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Г.Абенова, ағылшын тілі пәні оқытушысы С. Гинаятова орын алды.
Ойынның мақсаты: жасөспірімдердің тілдік машықтарын жетілдіру, ұжымдық тәртіпке үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ережеге сай әр команда кедергілерден өте отыра , ағылшын тілінде тапсырма орындап, қазынаға толы сандықшаға қол жеткізу басты мақсат болып табылады. Командалар арасында бәсеке жоғары деңгейде көрсетіліп, межеге алғаш жетіп, джекпот ұтысын 01к-АШМ-ЖШ тобы иеленді.
Ағылшын тілі пәні оқытушы С.Гинаятованың ұйымдастыруымен студенттердің рухани жан дүниесін байыту, ой өрісін кеңейту, өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізуге қалыптастыру мақсатында өткен “Creative work for project”атты 1 курс студенттері арасында танымдық шараның алғашқы кезеңінде экология, Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар, су- тіршілік көзі,интернет, Атырау облысының байлықтары соның ішінде Индер өлкесінің тарихы туралы, блогер туралы тақырыпта ағылшын тілінде шығармашылық жұмыстарын қорғады. Екінші кезеңде тақырыпқа сай қолдан жасаған қолөнерін бұйымдарын таныстырды.
“Обломовты оқуымыз керек” тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Масалимованың жетекшілігімен әдеби кеш өткізілді. Әдеби кештің мақсаты- Иван Гончаровтың “Обломов” романында көрсетілген обломщина проблемасының жалпыланған көрінісін қалыптастыру, сондай-ақ көркем әдебиетке проблемалық-мәдени қызығушылықты дамыту.
Қазақ әдебиеті пәнінен студенттердің ақын- жазушылар туралы тың деректермен танысуға және білуге ізденіс қабілеттерін арттыру, пән бойынша білімді студенттерді анықтау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Г.Бопасованың ұйымдастыруымен “Жүзден жүйрік” интеллектуалды ойыны өткізілді. І курс студенттерінен қатысуға ниет білдірген 8 студенттен іріктеу кезеңінен өткен 3 студент өздерінің білімдерін жақсы нәтижемен көрсете алды. Ойын шарты бойынша 01-к-Т топ студенті Жиеналиева Айнара 3 кезеңнің барлық сұрақтарына жоғары білімділікпен жауап беріп, Жүзден Жүйріктің Жеңімпазы болып танылды.
Апталық аясында өткізілген шараларға белсенділікпен қатынасқан студенттер Диплом және Алғыс хаттармен марапатталды, естелік сыйлықтар және Атырау облыстық өлкетану мұражайына жолдамалар табысталды.