Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары тәрбие мамандарының қатысуымен «TarbieLike» тимбилдингі өткізілді

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі базасында Атырау облысы Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу- әдістемелік және ғылыми – практикалық орталығы жылдық жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары тәрбие мамандарының қатысуымен «TarbieLike» тимбилдингі өткізілді.
Шараға Атырау қаласы басындағы және аудандардың орталығындағы колледжердің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары мен Жастар ісі жөніндегі комитет инспекторлары қатынасты.
Мақсаты:
– Тәрбие мамандарының арасында біртұтас команда моделін қалыптастыру, топта жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру, ойын барысында жағымды атмосфера құру, тәрбие жүйесіне ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру.
Шараны колледж директоры Абенова Гульфара Есенжановна ашып, тәрбие саласында жаңашылдықпен еңбек етіп жүрген әріптестерімізге сәттілік тіледі.
Атырау облысы Білім беру басқармасы Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшысы Шошахова Камшат Бекишевна тәрбие саласындағы маңызды мәселелерге тоқталды.
Тимбилдинг — ұйымшыл ұжым қалыптастыруға, команданың әрбір мүшесі өз орнын табуға және қабілетті барынша дамытуға жағдай жасайтын қазіргі заманғы тәсілдердің бір түрі. Тимбилдингтің барлық түрі еркін бейресми қарым-қатынас жасауды, командада жұмыс істеуді үйретеді және адамдар арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Тимбилдинг шарасы төрт кезең тапсырмаларымен ұйымдастырылды. Жалпы тимбилдингтің – шығармашылық, спорттық, тарихи-рөлдік түрлеріне сәйкес ұйымдастырылған кезеңдерінде қатысушылар жоғары белсенділікпен қатынасты.
Алғашқы кезеңде топқа бөлінген қатысушыларға колледж педагог-психологы Молдашева Индира Аскарбековна командалық тренинг арқылы қорқыныш пен кедергіден қорықпау, сенім сезімдерімен команданы бірлікке шақыра алды.
Ғимараттың әр бөлігінде жасырылған тапсырмаларды орындау кезеңінде қатысушылар өте тапқырлықпен, жылдамдықпен, ситуациялық жағдайлардан шығу шығу жолдарын тез таба білетін қасиеттерімен көріне білді. Осы кезеңде колледждің белсенді студенттері бақылаушы қызметін жоғары деңгейде атқарып, қатысушылардың жұмыстарын видео-фото есеппен есте қаларлықтай ұйымдастыра алды.
Тимбилдингтің спорттық кезеңінде дене тәрбиесі пәні оқытушысы Салімгерей Нұрасбек Бағытжанұлы ұйымдастырған жарыстарда қатысушылардың көңіл күйлері ерекше жоғары болып, ойындар нәтижелі өткізілді.
Тимбилдинг қатысушыларына орталық атынан Сертификаттар табысталды.


Жарияланды: 04.11.202415:31

Автор: