Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту – заман талабы.

  • Кәсіби мамандарды дайындауда Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырудың негізгі міндеті – ғылым мен білімді тәжірибемен ұштастыру. Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі – білім алушылардың, оқытушылардың, жұмыс берушілердің және басқа мүдделі тараптардың мүддесіне қызмет ететін өзекті білім беру жүйесі, ашық ақпараттық ортасы және заманауи оқыту мен өндірістік жұмысқа жасақталған орны бар, жаңа технологиялармен жұмыс жүргізуде білімді, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандары бар білім беру мекемесі.
  • Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің миссиясы – «Қазіргі заманның еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзіретті, жауапты, өз мамандығын және өз мамандығына жақын салаларды меңгерген, кәсіби өсуге дайын білікті маман  даярлау».
  • Колледж қабырғасында сапалы маман даярлау үшін қажетті материалдық-техникалық база құрылып, кабинеттер, смарт тақталы кабинеттер, мультимедиялық-лабораториялық кабинеттер, компьютермен, замануи аудио-видео құралдармен, автоматтандырылған кітапхана жүйесімен, Интернет желісі және Wi-Fi нүктелерімен қамтылған зертханалық бөлмелері, шеберханалары талапқа сай жасақталған.
  • Жұмыстық оқу жоспары ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына, ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы№ 553 бұйрығы  мамандыктар бойынша сәйкес қосымшалары  талаптарына  сәйкес әзірленді.Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау бойынша кәсіптік білім беру бағдарламаларын орындауды көздейді, өзгерістерді ескере отырып, колледжде жалпы білім беру мен кәсіби даярлау мазмұнының құрылымын, циклдар, курстар, пәндер бойынша оқу уақытының көлемін ашады, оқу мерзімін реттейді. Үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылған әдебиеттер тізбесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталған.
  • Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде 2014 жылдан бастап дуальдік оқыту жүйесіне біршама дайындық жұмыстары жұргізілді.Студентердің өндірістік практикасы өткізілетін әлеуметтік әріптестермен, кәсіпорындармен, жұмыс берушілермен екі жақты келісім-шарттар жасалып, меморандумдарға қол қойылды.
  • Техникалық және кәсіптік білім беруде жаңа технологиялармен қамтылған, жоғары дәрежеде жұмыс ұйымдастыруы және қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік серіктестік мекемелермен бірігіп, тығыз байланыста жұмыс жасаумыздың маңызы бар.
  • Колледжде білім алып жатқан мамандарды кәсіби бағыттағы стандартарға негіздей отырып даярлау және экономикалық қажеттіліктермен өзара байланыстыру қатаң түрде сақталып келеді. Бұл тұрғыдан әлеуметтік әріптестермен келісім-шарт негізінде жүйелі байланыстар орнатылған. Олардың қатарында: ЖШС «Мол», ШҚ «Медет», ШҚ «Айсұлтан», ЖК «Болатова», ЖК «Измагамбетов», ШҚ «Алтықұлаш», ӨК «Жарсуат», ШҚ «Адлет»,ЖШС «ИСИ гипс Индер», ЖШС «Пром Строй Центр Сервисез» бар. Бұл базалық кәсіпорын серіктестерімен байланыс өзінің оң нәтижесін көрсетуде.
  • «Жас маман» жобасы колледждің оқу-өндірістік базасын жаңартып қана қоймай, құзіреттілік орталығын құруға мүмкіндік береді». 4 мамандық бойынша  мамандармен өндірістік оқыту шеберлерімен талқыланып, колледж жабдықтар тізбесін қалыптастырылды және Атырау білім беру басқармасына жоба бойынша 281 миллион теңге көлемінде колледж шеберханасын жабдықтауға өтініш берілді.
  • Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі бойынша тәрбие жұмысының жоспары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 15.04.2019 жылғы №145 бұйрығымен бекітілген 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізіндегі «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» бойынша жасақталып, жүзеге асырылуда, тәрбие жұмысы жоспары тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттерін, негізгі бағыттарын анықтайды. ҚР білім және ғылым Министрінің 13.08.2020ж. №345 бұйрығын басшылыққа ала отырып,2020-2021 оқу жылында тәрбие жұмысы қашықтықтан ұйымдастырылуда.
  • Колледждің тәрбие жұмысының мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық, рухани- имандылық, отбасылық тәрбие беру,ұлттық сананы бойына сіңірген,өз бетімен шешім қабылдай алатын,дамуға ,жетілуге,қабілетті ,өзіндік сыни көзқарасы бар тұлға қалыптастыру, тәрбие жұмысы жаңа идеялар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға бағышталған . Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасын басшылыққа ала отырып, әр бағыты бойынша тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды. Колледж студенттері жоспарлы ұйымдастырылған шараларға белсенділікпен қатысты, әр оқу тобында топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен кестеге сай тәрбие жұмыстары  ұйымдастырылды. Мерекелік шаралар, тақырыптық дөңгелек үстелдер,  пікір таластар,  диспуттар, тренигтер ZOOM платформасы арқылы мақсаттарына сай нәтижеге бағышталып  өткізіледі.
  • Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі жеке тұлғаны әлеуметтік – экономикалық бағытында дамыту үшін, еңбек нарығының сұранысына сәйкес тұлғаның жеке қажеттілігін ескере отырып, үздіксіз білім беру жағдайында техникалық және кәсіптік мамандарды дайындау бағытында зор үлес қосуда. Біздің негізгі мақсатымыз теориялық білім мен іс-тәжірибені ұштастырып, болашақ кәсіби құзіретті маман дайындау болып келеді және сол мақсат межесіне жету жолында шығармашылықпен нәтижелілікке ұмтылудамыз.

Жарияланды: 16.04.202109:52

Автор: