Тіл үйрену порталдары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағыттауға дайындаған электронды өнімдерді Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі студенттеріне оқытушылар таныстырып, әр сайт пен порталдарда жұмыстар орындалды.

Қазақ тілін үйренуге бағытталған «Аbai.institute», «Тilmedia.kz», «Balatili.kz» және «Tilqural.kz» порталдарымен студенттер таныстырылып, «Қазақша үйрену», бейне ролик арқылы тілді үйретудің түрлі әдістерімен толтырылған танымдық бейне роликтері көрсетілді, мақалалар оқылып, талданды.

Сөздік қорды байытуға арналған «Emle.kz», «Termincom.kz» және «Qazcorpora.kz» порталдарында қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасындағы пунктуация, әдеби тіл нормалары қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымымен және тілдік құбылыстарды (әсіресе сөз, фразаларды) іздеуді жеңілдететін белгілі бір тілдегі жазбаша және ауызша мәтіндердің электронды түрде жинақталған ақпараттық-анықтамалық база құрылымыен таныстырылды.

Qujat.kz порталында студенттер портал құрылымымен таныса отырып, құжаттар топтамасы бөліміндегі кадр құжаттары тарауы бойынша студенттер өздері таңдаған құжат түрлерінің үлгісін толтырып, термин сөздер, портал кітапханасына қаралым жасады.

Qazlatyn.kzпорталына қосылған студенттер сәйкестендіру тарауы бойынша өздерінің аты – жөндерін немесе кез-келген сөйлемді қазақ әліпбиінде  енгізіп, латын әліпбиімен сәйкестендіріп, жазылуын білді. Сонымен қатар порталдың кітапхана тарауында енгізілген М.Әуезовтің «Абай жолы» романының латын әліпбиіндегі берілген нұсқасын қолдарындағы қазақ  әліпбиі нұсқасымен салыстыра оқыды.

Tilalemi.kz порталында студенттер тілрайы бөлімінде қазақ тілінің өзге тілдермен салыстырмалы мысалдарымен, кітапханамен және толғанысбөліміндегі толымды ойлармен танысты.

Электронды өнімдерді колледж оқытушылары да қарап, танысып, өздерінің қазақ тілінен сауаттылықтарын тексеріп, қажетті мәліметтер алды.


Жарияланды: 11.06.202209:57

Автор: