«Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелер»

28-29 наурыз аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен  «Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқуларының облыстық кезеңі өтті.

Колледжімізден жас маман, арнайы пән оқытушысы Қарымсақова Әнел Бейімбетқызы қатысып,жүлделі ҮШІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ  ДИПЛОММЕН марапатталды.

Әріптесімізді  марапатымен құттықтай отырып, қызметте шығармашылық жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!

 


Жарияланды: 27.06.202415:03

Автор: