WorldSkills Atyrau – 2025!
WorldSkills Atyrau – 2025 байқауында біздің колледж 20 кәсіптік-техникалық оқу орны арасында 6-орынға тұрақтап, үлкен жетістікке жетті. Бұл кәсіби шеберліктің, қажырлы еңбектің және мақсатқа ұмтылыстың жемісі!
Жүлделі орындар:
Жандос Ұлдай “Аспаз ісі” – 3 орын
Тұрсынғали Фатима “Кондитерлік ісі” – 2 орын
Серік Мөлдір “Бейнеөндіріс” – 1 орын
Нұрлан Алихан “Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары” – 2 орын
Марапаттар: Есенбек Арман “Дәнекерлеу технологиясы”, Жұбанғали Алихан, Бисенғали Мерей “Мобильді робототехника”, Меллат Қанатбек “Электроника”, Асхатұлы Асылхан “Жеңіл автомобильге жөндеу және қызмет көрсету”, Даулет Азиза “Кескіндеме және сәндік жұмыстары бағыттары” бойынша”Шеберлігі үшін” медальдарымен марапатталды.
Конырбаев Юсуп “Электромонтаждық жұмыстары” мен Аканова Айкөркем “Графикалық дизайн” бағыттары бойынша алғыс хатқа ие болды!
Бұл жеңіс – тек бастама! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенеміз. Кәсіби дағдыларды шыңдап, тәжірибе жинақтау арқылы біз жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз!
Алда – жаңа жетістіктер, биік белестер, жарқын болашақ!