Жаратылыстану әлеміне саяхат

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде жылдық перспективалық жоспарына сәйкес 8-13 ақпан күндері аралығында “Жаратылыстану пәндері” апталығы бастау алды. Студенттердің жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтарын арттыру, заман талабына сай техниканы терең меңгеруіне талпындыруға бағытталған, әр мамандықпен байланыстырыла жоспарланған жұмыстар атқарылды.

“Жаратылыстану пәндері” апталығы аясында “Математика барлық ғылымдардың патшасы, ал физика оның қызметшісі” тақырыбында математика пәні оқытушысы Г.Икембаева мен физика пәні оқытушысы А.Жалғасованың ұйымдастыруымен танымдық кеш өткізілді.

Мақсаты: студенттердің математикалық және физикалық білімдерін кеңейту, пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Шара барысында математика мен физика ғылымының шығу тарихынан мәлімет берілді, ғалымдар туралы жұмбақтар жасырылды, студенттер тарапынан мағлұматтар айтылды, логикалық есептер шығарылды.

“Жаратылыстану ғажайыптары” тақырыбында география пәні оқытушысы М.Бекбосинова мен химия пәні оқытушысы Т.Жөкесованың ұйымдастыруымен қашықтықтан білім сайысы өткізілді.

Мақсаты: студенттердің химия, биология және география пәндерінен алған білімдерін байқау, алғыр, білімді студенттерді анықтау, пәндердің өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттерін білуге үйрету.

Шара барысында сұрақ-жауап, қызықты сұрақтар, адасқан әріптер,  жұмбақтар жасырылды, студенттер жоғары қызығушылықпен, жеңуге құлшыныспен қатынасты.

Апталық аясында “Power Point” тақырыбында 02-к-ФШ-Т тобында информатика пәні оқытушысы А.Халықовтың жетекшілігімен қашықтықтан  EDUS білім беру платформасында сабақ өткізілді.

Мақсаты: студенттердің информатика пәнінен білімдерін шыңдау, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, қашықтықтан оқу мүмкіндіктерін жақсарту.

Сабақ барысында EDUS білім беру платформасындағы бейнеконференцияны іске қосу арқылы студенттермен тікелей байланысқа шығып, тақырып туралы түсінік берілд, сұрақ – жауап әдісі орындалды, үлгілер көрсетілді.

Апталық жұмысы “Жаратылыстану пәндері” апталығы аясында бірлестік оқытушыларының ұйымдастыруымен «Білімді ұрпақ-ел тірегі» атты интелектуалды ойын өткізілді.

Апталық аясында жоспарланған барлық жұмыстар сабақтан тыс уақытта, онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы өткізілді.

 


Жарияланды: 23.02.202110:07

Автор: