«Жас Маман» жобасы аясында құзіреттілік орталық ашылды

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Жас маман» техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы аясында құзіреттілік орталық ашылды.

«Жас Маман» жобасы 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылы аясында әзірленген үлкен жоба.«Жас Маман» жобасының мақсаты – ең көп талап етілетін 100 кәсіп бойынша 180 колледж бен 20 университетті жаңарту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу. Осы 180 колледждің қатарында біздің колледж де 3 мамандық бойынша қатысқан болатынбыз.

Жобаның басты мақсаты – колледждің материалдық – техникалық базасын жаңарту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу.

Құзіреттілік орталықтың алғашқы лентасын кесіп, ашу рәсімі Атырау облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының бас маманы – Кабешова Айнагүл Қадыржанқызына және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Атырау облысы бойынша Индер аудандық филиал директоры Сагингалиев Даурен Аманбекұлына табысталды.

Колледж директоры Құнас Бағытжан Ниетқалиұлы:

  • «Құзіреттілік орталықтың ашылуы – бұл аймақтағы техникалық және кәсіптік оқыту сапасының жақсаруы, сонымен қатар облыстың, ауданның кәсіптік білім беру беру жүйесіне озық ұлттық және халықаралық тәжірибелерді енгізу. Бұл орталық WorldSkills чемпионаттарын жоғары деңгейде өткізуге және ұлттық чемпионатқа қатысушыларды дайындауға мүмкіндік береді. Құзіреттілік орталығын құруға және колледждің материалдық- техникалық базасын жаңартуға «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша Республикалық бюджеттен 195 714424,6 мың.тенге бөлініп, бүгінгі күні шеберханалар мен цехтарға заманауи жабдықтар орнатылды, техникалар әкелінді.

Жиын барысында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша ашылған жұмыс орындары таныстырылып, студенттердің жұмыс барысы көрсетілді.

«Жас маман» жобасы аясында бірлесіп нәтижелі жұмыс атқару мақсатында ауданымыздағы іргелі кәсіпорындар, шаруа қожалықтарымен бірнеше жылдардан бері ынтымақтастықта атқарылып отырған жұмыстарды жалғастырып, дамыту мақсатында «Индер ГИПС» ЖШС бас директоры Аманбаев Руслан Нұртайұлы,  «Мол» ЖШС-мен директоры Ербулатов Серик Оракович кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды.

Жиынға қатынасқан индустриялдық кеңес мүшелері әр мамандық бойынша құрылған жұмыс орындарына оң баға беріп, алдағы жұмыс барысына сәттілік тіледі.


Жарияланды: 30.09.202207:57

Автор: