Кездесу
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Көктем қазақ орта мектебінде және С.Сейфуллин атындағы орта мектепте кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізілді.
Мақсаты – жастарға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, жұмысшы мамандығының маңыздылығын айқындау.
Кездесуге колледжіміздің
- «Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығының» арнаулы пән оқытушысы Бисенғалиев Салық Ақжігітұлы
- «Дәнекерлеу ісі» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Газизов Руслан Нәсіпқалиұлы
- «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Қарымсақова Әнел Бейімбетқызы
- «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының өндірістік оқыту шебері Салахадинов Нұрсұлтан Қайырғалиұлы
- «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының өндірістік оқыту шебері Халықов Абылайбек Сүйеуұлы қатынасып, мамандықтары
жөнінде кеңінен түсінік беріп, колледжде оқудың тиімділігіне кеңінен тоқталды.