Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ұлы тұлғаны ұлықтау мақсатында 5 қыркүйек – Тілдер тілдері күніне орай «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы» тақырыбында колледж әдіскері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Бопасованың жетекшілігімен танымдық кеш ұйымдастырылды. Студенттер Ахмет Байтұрсыновтың тіл саласындағы еңбектері туралы талдау жұмыстарын жасап, өлеңдері мен тіл туралы нақыл сөздерін оқып, мағынасына тоқталды. Танымдық шараға М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Раиса Рашевна Батабиева тіл шеберлігі,А.Байтұрсыновтың еңбектері туралы айтап,жастарды өз тілін құрметтейтін патриот болуға шақырды, аудандық кітапхана қызметкерлері тұрақты кітап көрмесімен таныстырды. Студенттерге Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектері туралы бейнекөрініс ұсынылды.


Жарияланды: 07.09.202215:15

Автор: