Жаңалықтар

Индер  көп  бейінді  ауыл шаруашылық  колледжінде  «Қызықты  көңіл, студенттік  өмір»  атауымен  студенттер  күні  аталып  өткізілді. Шараны  колледжі  директоры Б.Құнас  ашып, I курс  студенттеріне  студенттік  билеттерін  табыстады. Шара  барысында  флешмоб ұйымдастырылып, белсенді  топтар  марапатталды. Колледжде дәстүрлі “Арайлы алтын күз ”  күзгі бал кеші өткізілді. 03-к-АШТМ-2, 03-к-Т топтары жеңімпаз деп табылып, жүлделер тапсырылды, соңы би кешіне ұласты.

«Тәуелсіздік тұғырындағы ел тағдыры- Елбасы Жолдауы» атты  қоғамдық пәндер апталығы аясында ашық сабақ, танымдық шаралар өткізіліп, ағылшын тілі пәні оқытушысы Гинаятова Саягул Идеятовна І курс студенттерімен «Happy day» шеберлік  сыныбын  ұйымдастырды. “Тамақтандыруды  ұйымдастыру ” мамандығы бойынша арнаулы пәндер апталығы барысында арнаулы пән оқытушысы  Әжігереева Гүлмиза Асхатқызы  “Ұн және макарон өнімдері ” тақырыбындағы ашық сабағын  “CLIL  кәсіби ағылшын тілін практикада енгізу әдістемесімен” , пәндік- тілдік интеграцияланған түрде, оқыту нәтижелігін бағалау критерилерін  қолдана  отырып  өткізді. Апталық аясында “ Ұн кондитер өнімдері ” шеберлік сыныбы, “ Кім білгір ” сайысы мен колледжшілік  “ Үздік аспаз -2018 ”  сайысы  “ World Skills” халықаралық чемпиионат стандарттарына сәйкестендіре отырып өткізілді. 

ТжКББ мазмұнын жаңартуда білім беру басшылары мен инженерлік техникалық қызметкерлері халықаралық талаптарға сай білім беру сапасын көтеруде инновациялық білімін беру технологияларын енгізу, білім беру жүйесін модернизациялаудың жағдайын қалыптастыру мақсатында семинар- практикум өткізілді, Мәскеу қаласында өткен «Кәсіби дамыту академиясы» «ОКБ жаңғырту: кәсіптік білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету құралы ретінде сынақ бірлік жүйесін ендіру» тақырыбындағы халықаралық практикалық конференцияға қатысушы колледж директоры Б. Құнас , біліктілік арттыру курстарына қатысушылар: директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Ж. Хамитов, директордың өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары А. Мұстафа, аға шебер Ж. Бузекенов, өндірістік оқыту шеберлері Р. Газизов пен Е. Утеуов  ТжКББ  саласындағы өзгерістермен бөлісті. 

29 маусым күні Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің  ІІІ курс студенттеріне Диплом тапсыруға  арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты саптүзеуі «Борат» мәдниет үйінде өтті. Оқу бітіруші 100 түлектің 3-уі «Үздік диплом» иегерлері, атап айтқанда  Бисембаева Жансая, Қатап Аяжан және Еркебұлан Нұрниязов. Олар 26 маусым күні Атырау қаласында облыс әкімі қолынан диплом және бағалы сыйлықтарын алған еді. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов, «НұрОтан» төрағасының орынбасары Ө.Оразғалиев және серіктес мекемелер өкілдері қатысты. Шара барысында Диплом тапсырумен қатар, үш жыл бойы колледж қабырғасында қоғамдық жұмыстарға  белсене қатысқан студенттер «Алғыс хатпе» марапатталды.

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық  колледжінің арнаулы пән оқытушысы Бисенгалиев Салық «Кәсіптік білім беру сапасын  көтеру: оларды шешу мәселесі» атты Халықаралық дөңгелек үстелге қатысып қайтты.  Бұл шара Ресейдің Ставрополь өлкесі Андропов ауданы  Курсавка селосындағы ГБПОУ КРК «Интеграл» конференц-залында өтті.  Дөңгелек үстел барысында екі жақты өзекті мәселелер айтылды. Қатысушыларға Сертификат табыс етілді.