Жаңалықтар

29 маусым күні Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің  ІІІ курс студенттеріне Диплом тапсыруға  арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты саптүзеуі «Борат» мәдниет үйінде өтті. Оқу бітіруші 100 түлектің 3-уі «Үздік диплом» иегерлері, атап айтқанда  Бисембаева Жансая, Қатап Аяжан және Еркебұлан Нұрниязов. Олар 26 маусым күні Атырау қаласында облыс әкімі қолынан диплом және бағалы сыйлықтарын алған еді. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов, «НұрОтан» төрағасының орынбасары Ө.Оразғалиев және серіктес мекемелер өкілдері қатысты. Шара барысында Диплом тапсырумен қатар, үш жыл бойы колледж қабырғасында қоғамдық жұмыстарға  белсене қатысқан студенттер «Алғыс хатпе» марапатталды.

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық  колледжінің арнаулы пән оқытушысы Бисенгалиев Салық «Кәсіптік білім беру сапасын  көтеру: оларды шешу мәселесі» атты Халықаралық дөңгелек үстелге қатысып қайтты.  Бұл шара Ресейдің Ставрополь өлкесі Андропов ауданы  Курсавка селосындағы ГБПОУ КРК «Интеграл» конференц-залында өтті.  Дөңгелек үстел барысында екі жақты өзекті мәселелер айтылды. Қатысушыларға Сертификат табыс етілді. 

2018 жылы  22 мамырда  Ресейдің Астрахань қаласында ұйымдастырылған «Дәнекерлеуші-2018» Халықаралық конкурсына  Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі бойынша   ІІ курс студенті Саясат Нұрсұлтан  өндірістік оқыту шебері Газизов Русланмен қатысып,  жүлделі ІІІ орынға ие болды.

 

26 сәуір күні Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Заманауи кәсіптік білім беруді инновациялық бағытта ұйымдастырудағы іс-тәжірибелер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар мақсаты: Кәсіптік және техникалық білім беруді ұлттық деңгейде дамытудың тиімді бағыттарын басшылыққа алу, кәсіптік білім берудегі дуалды оқыту жүйесіндегі тәжірибені енгізу, әріптестермен іс-тәжірибе алмасу болып табылды.