Жаңалықтар

Колледже қоғамдық  пәндер онкүндігі аталап өтті. Тақырыбы: «Тәуелсіз елімнің ерлік жолы». Орыс тілі пәнінен «Ф.Достоевский – как зеркало русской души» атты шара өте тамаша шықты. «Желание учиться» саптүзеуінде көрініс көрсетсе, «Наша Независимость» шарасында мәнерлеп оқудан  сайыс өткізді.

18-28 сәуір аралығында Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде Жаратылыс тану, математика пәндері бірлестігінің онкүндігі өтті. Апталық аясында газеттер шығарылып, пән дәптерлерінен көрме ұйымдастырылды. Саптүзеулерде мынадай тақырыптар  қамтылды: «Табиғат-тіршіліктің құт берекесі», «Математика және көркем әдебиет», «Құбылыстар құпиясы», «Химия-өмір. Өзіңізді білесіз бе?». Күннің екінші жартысында «Информатика-ғасыр талабы», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», «Жас физиктер», «Ұрпақ азбасын, ұлт тозбасын» сияқты шаралар өтті. Апталыққа студенттер белсенділікпен қатысты.

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде 20.02.-28.02.2017 жыл аралығында 8 пәннен, атап айтқанда, математика, физика, химия, ағылшын тілі, орыс тілі,Қазақстан тарихы, информатика және экономика пәндерінен олимпиада өткізілді.Бірлестік отырыстарында олимпиада тапсырмалары жасақталып, беркітілді. Олимпиадаға математика пәнінен-14,физикадан-14, химиядан-15, ағылшын тілінен-11, орыс тілінен-24, Қазақстан тарихынан-16, информатика және экономикадан-12-ден студенттер қатысты.Барлық олимпиадаға қатысқан студенттердің саны-118, ол колледж студенттеріне шаққандағы қатыс-48%былтырғы оқу жылымен салыстырғанда -5 пайызға өскен.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігіммен білім сапасын арттыру» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқуларының кезеңінде кәсіптік білім беру мекемелерінің секциясына қатысқан Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі оқытушылары- арнаулы пән оқытушысы Гүлмиза Әжігереева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Гаухар Бопасова, орыс тілі мен әдебиеті пәнәінің оқытушысы Аида Масалимова және өндірістік оқыту шебері Алтынай Кунасова қатысып, жүлделі ІІ,ІІІ орындарға және Алғыс хатқа ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Бопасова жүлделі ІІ орын, орыс тілі пәнінің оқытушысы А.Масалимова ІІІ орын, өндірістік оқыту шебері А.Кунасова «Алғыс хатқа» ие болды.

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында жұмысшы кәсіптерін дәріптеу, олардың мәртебесін арттыру мақсатында облыстық «WorldSkills Kazakhstan-2017» ұлттық чемпионаты 29-30 наурыз күндері Атырау қаласында өтті. Оған Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі студенттері де қатысты. «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша ІІІ курс студенті Ізімғали Нұрқат, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Оралбаева Диана, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша Серіков Нұрбек қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Серіков Нұрбек жүлделі ІІІ орынға ие болды, өндірістік оқыту шебері Салахиденов Нұрсұлтан.Қалған екі студент те Сертификатқа ие болды.