Жаңалықтар

Сәуір айының 6 жұлдызы күні Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Ұлттық құндылықтарымыздың ұйытқысы-қыз тәрбиесі» атты қыз балаларға арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл шараның мақсаты- қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік,сұлулық сияқты жан-жақты ұлттық қасиеттерді таныта білу және қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңірте білу.

Колледждің әлеуметтік педагогы Жапакова Сымбат, психолог Абдрахманова Алмагүл, ембике Айтқалиева Шынар, қыздар ұйымының жетекешісі Жалғасова Ақсұлу қыз тәрбиесі туралы сөз қозғады. Шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абенова Гүлфара қорытындылады.

7 сәуір күні колледж бойынша 02-к-ФШ-2 оқу тобының өндірістік оқыту шебері  Айдос Жанғалиевтің ашық сабағы өтті. Сабақ  тақырыбы: «Аккумулятор батареясының электорлит деңгейін тексеру. Жарықтандыру, сигналдау приборлары». Сабақ барысында студенттердің жұмысы бақыланды. Стенд бойынша жұмыс жасалды. Сабақ өз мақсатына жетті. 

30 наурыз күні 01-к-Д оқу тобында математика пәнінің оқытушысы  Икембаева Гулшат Аманкосовна «Туынды тарауын қайталау» сабағынан  ашық сабақ өткізді. Тарау бойынша  сөзжұмбақ шешілді, есептер шығарылды. Студенттер сабаққа белсене қатысты. Сабақ мақсатына жетті.