Кездесу 2
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында М.Әуезов атындағы орта мектепте және Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізілді.
Мақсаты – жастарға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, жұмысшы мамандығының маңыздылығын айқындау.
Кездесуге колледжіміздің
• «Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығының» арнаулы пән оқытушысы Бисенғалиев Салық Ақжігітұлы
• «Дәнекерлеу ісі» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Газизов Руслан Нәсіпқалиұлы
• «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Қарымсақова Әнел Бейімбетқызы
• «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының өндірістік оқыту шебері Салахадинов Нұрсұлтан Қайырғалиұлы
• «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының өндірістік оқыту шебері Бақтыгереева Айнұр Асқарқызы қатынасып, мамандықтары
жөнінде кеңінен түсінік беріп, колледжде оқудың тиімділігіне кеңінен тоқталды.
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#индерколледж
#кәсібибағдар