26 сәуір күні Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Заманауи кәсіптік білім беруді инновациялық бағытта ұйымдастырудағы іс-тәжірибелер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар мақсаты: Кәсіптік және техникалық білім беруді ұлттық деңгейде дамытудың тиімді бағыттарын басшылыққа алу, кәсіптік білім берудегі дуалды оқыту жүйесіндегі тәжірибені енгізу, әріптестермен іс-тәжірибе алмасу болып табылды.

Әдістемелік семинар мақсаты:

  • Ата-баба дәстүрін насихаттау, ұрпақ бойына ұлттық менталитетті сіңіру, болашақ ата-аналардың бойына ұлттық қасиеттерді дарыту
  • Рухани-адамгершілік құндылықтарды арттыруда «Бозбала мен бойжеткен» клубтарының жұмыстарын жандандыру
  • Отбасылық өмірдің қадір-қасиетін ұлы бабаларымыз салып кеткен дара жолмен жалғастыруды өсиет ету және отбасылық дәстүрлерді ұлығылау болып табылады.

1 маусым күні «Ғимараттармен құрылымдарды салу және пайдалану » мамандығы бойынша өтіп жатқан апталық аясында «Үздік сылақшы» сайысы өтті. Сайыс 3 турдан, атап айтқанда « Таныстыру, арнаулы пән бойынша сұрақтар және тәжірибелік жұмыстар жасалды. Сайыс қорытындысы бойынша Үздік сылақшы атағын Қаженов Алихан жеңіп алды.