«Реттеушінің сигналдарымен жол қиылысынан жүріп өту»

«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» апталығы аясында арнаулы пән оқытушысы Бисенгалиев Салық  Ақжігітұлының ұйымдастыруымен ІІІ студенттерімен «Реттеушінің сигналдарымен жол қиылысынан жүріп өту» сайысы өткізілді. «Реттеушінің сигналдарымен жол қиылысынан жүріп өту» және «Білім деңгейін тексеруге арналған тест» кезеңдерінен тұратын сайыста студенттер УАЗ 31004  957АЕ 06 мен  ВАЗ 21703  954 АЕ 06 автокөліктерін басқарып, реттеуші студент Бақытов Ернардың көрсеткен сигналдарын орындады. Сайыс соңында екі команда білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтарына жауап берді. Нәтижесінде «Бағдаршам» командасы жоғары қорытынды көрсетті.


Жарияланды: 14.04.202319:18

Автор: