“Ризашылық-мейірімділік бұлағы”

1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған ” Ризашылық-мейірімділік бұлағы” жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру мақсатында Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің 03-к-ФШ-Т тобында “Жанымды жадыратқан мейірімділік” және 01-к-Т-К тобында қашықтықтан ZOOM платформасымен <<Мейірімділік – асыл қасиет>> тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – студент бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыта отырып, “ризашылық” ұғымымен таныстыру. Бір-біріне мейірімді болуға шақыру студенттің бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды  адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Шара барысында студенттер мейірімділік кестесін толтырып, өз ойларын ашық айтып, сұрақтарға жауап беріп,пікір алмасты.




Жарияланды: 02.03.202107:47

Автор: