Студенттердің ар-намыс кодексі

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі  Атырау облыстық  Білім беру басқармасы

«Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорны

 

ҚҰЖАТ№ 01-5

Ішкі еңбек тәртіп ережелері

 

Индербор кенті

2019 жыл

 

Бекітемін     

Индер көп бейінді

ауыл шаруашылық

 колледжі директоры

______________Б.Құнас

27 қыркүйек 2019 жылғы

№1  педагогикалық кеңесте

қаралып бекітілген

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің

Ішкі тәртіп ережелері

  1. ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР

1.1. Осы ішкі тәртіп Ережелері Қазақстан Республикасының білім туралы заңдылықтары және колледж Жарғысы негізінде әзірленіп, ішкі тәртіп Ережелерінің негізгі мақсаты- Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі  еңбек және құқықтық қарым-қатынастарды реттеу, еңбек және оқу кестесінің құрылуы, еңбек және оқу тәртібін нығайту, оқу үрдісінің ұйымдастырылуын жақсарту және еңбек пен оқу уақытын тиімді қолдану болып табылады.
1.2. Колледждің еңбек және оқу тәртібін оқытушылар құрамының, қызметкерлердің, жұмысшылардың, студенттерің  жауапкершілікпен орындауы, олардың тиімді еңбектері мен сапалы оқуларының негізгі шарты болып табылады.
1.3. Колледждің барлық жұмысшылары мен білім алушылары Ережелерді орындауға міндетті.
1.4. Оқу жылы 1 – қыркүйектен басталады.
1.5. Сабақтар бір ауысымда жүреді. Сабақтың басталуы:
Сағат 8.30-де;
Сабақтың алдында қоңырау соғылады, студенттер үшін және оқытушылар үшін соғылатын коңырау.
1.6 Бір сабақтың ұзақтығы оқу орындары мен ұйымдарының бекітілген нормативтерімен және оқу ұйымдарында қолданылатын оқу технологияларына сәйкес.
1.7. Оқытушылар мен студенттер сабаққа дайындалу және аудиторияны сабаққа даярлау үшін 15 минут бұрын келеді.
1.8. Оқу үрдісі оқу кестесі үрдісінің негізінде іске асады.
1.9. Білім алушыларды колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз колледж аумағынан тыс жерге алып кетуге тыйым салынады.
1.10. Оқу ғимаратындағы жалпы тәртіпке кезекші (әкімшілік өкілі), шаруашылық қызметі және кезекші өндірістік оқыту шебері жауап береді.
1.11. Колледжде болған уақытында әр білім алушы өз киімі және жеке мүлкі үшін жауапкершілікті өзіне алады.
1.12. Колледжге спирттік ішімдік ішіп келген жағдайда оқытушылар жұмыстан шығарылады, ал студенттер  оқудан шығарылады.
1.13. Студенттік билеті мен сынақ кітапшасын жоғалтқан жағдайда оқушы өз есебінен орнына келтіреді.
1.14. Колледж территориясында шылым шегуге, түкіруге, қоқыстауға және басқа да құқыққа қарсы нәрселер жасауға қатаң тыйым салынады. Ондай іс-әрекеттер болған жағдайда тәртіп бұзушыға тәртіптілік шаралары қолданылады немесе қызметкерлер жұмыстан, ал білім алушылар оқудан шығарылады. Қазақстан Республикасы заңдылықтарын бұзған уақытта немесе тұлғаға қарсы бағытталған қарсылық іс-әрекеттер байқалған жағдайда және колледжге шығын әкелер болса, қызметкерлер жұмыстан шығарылады, ал оқушылар қайта қабылданусыз оқудан шығарылады.
1.15. Колледжде  діни киімдер киюге және сиынатын бөлмелер мен діни қатынастар жасауға тыйым салынады.
1.16. Колледж мүлкін құртқан жағдайда кінәлі оны бастапқы күйдегідей орнына келтіреді немесе нарықтық бағасын төлейді. Кінәлі анықталмаған жағдайда, жауапкершілікті кезекші топтың жетекшісі және кабинет жетекшісі көтереді.
1.17. . Колледждегі мүлікті тартып алушылық, тәртіп бұзушылық, төбелес жағдайлары орын алған жағдайда, білім алушылар оқудан шығарылады. .
1.18. Колледж оқытушылары мен студенттері  кезекші оқытушының, кезекші топтың және колледждің қауіпсіздік қызметі жұмыскерлерінің талаптарын орындауға міндетті.
1.19. Колледж қабырғасында, оқу ғимаратында оқытушыларға, жұмысшыларға және студенттерге саяси партиялар мен басқа қоғамдық саяси ұйымдардың бағдарламаларын, жарғылық талаптары мен ұстанымдары бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізуге тыйым салынады..
1.20. Келенсіз жағдай болдырмау үшін айына бір рет топ жетекшілері мен өндірістік оқу шеберлері рейд жүргізіп тұрады.
1.21. Колледждің оқытушылары, жұмысшылары және білім алушылары осы берілген Ережелермен міндетті түрде танысулары керек.

2.ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ ЖҰМЫСҚА АЛУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ

2.1 Жұмысқа қабылдау кезінде әкімшілік мынадай талаптарды қоюға құқылы:
• жеке басының куәлігі мен төлқұжаты;
• мекендеу қағазы немесе азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі (шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаға, Қазақстан Республикасының аумағында үнемі тұратындарға);
• арнайы білімді, дағдыны талап ететін еңбек шартын жасасу үшін кәсіптік дайындығы мен арнайы біліктілігін растайтын құжаттар, білім туралы құжаты;
• еңбек кітапшасы (еңбек өтілі бар тұлға үшін);
• әскери есептік құжаты (әскери міндетті және әскери қызметке шақыртылатын тұлғалар);
• медициналық тексерістен өткендігін куәландыратын құжаты;
• салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке кодының куәлігінің көшірмесі;
2.2 Жұмысқа қабылданушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен анықталған мерзімге сай еңбек келісімін жасайды.
2.3 Жұмысқа алынар кезде әкімшілік мынадай құқықтарға ие:
• жұмысқа алынар кезде жұмысшының кәсіптік жарамдылығын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 36 бабының 1-тармағына сәйкес, 3 айдан көп емес мерзімге сынақ өткізуге;
2.4 Еңбек келісім шарты жазбаша түрде екі данадан кем емес болуы керек және оған тараптар қол қояды. Еңбек келісім шартының бір данасы жұмыс берушіде және бір данасы жұмысшыда сақталады. Жұмысшының Еңбек келісім шартының бір данасын алғанын жазбаша түрде растайды.
2.5 Жұмысқа қабылдану Еңбек келісім шартының негізінде директор бұйрығымен ресімделеді және жұмысшыға қол қоюы арқылы жария етіледі.
Жұмысқа қабылдау кезінде әкімшілік:
2.6 Колледж Жарғысымен және ішкі тәртіп Ережелерімен таныстырады;
2.7 Техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық, өрт қауіпсіздігі және еңбек қорғаудың басқа да ережелерімен нұсқаулық жүргізеді.
2.8 Жұмысқа алғаш қабылданып, 5 күннен артық жұмыс істеушіге енгізілген заңдылық негізінде еңбек кітапшасы арналады. Сағаттық төлем шарты бойынша жұмыс істеушіге, егер бұл жұмысы негізгі жұмыс болса, еңбек кітапшасы ашылады.
2.9 Еңбек келісім-шартына өзгертілу мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстырылуы тараптармен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 32 бап 1-тармағымен қарастырылған тәртіп негізінде, жазбаша түрде іске асады.
2.10 Еңбек келісімінің тоқтатылуы қарастырылған заңдылық негізінде және келісім шартта көрсетілген негіз бойынша орындалады.
2.11 Еңбек келісімінің тоқтатылуы колледж директорының бұйрығымен ресімделеді. Жұмысшының жұмыстан шыққан күнінде (жұмысының соңғы күні жұмыстан шыққан күні болып есептеледі), оған жұмыстан шыққаны туралы жазуы бар еңбек кітапшасы тапсырылады және есеп айырылысу жүргізіледі. Еңбек кітапшасындағы жұмыстан шығуының себебі туралы жазу заңдылық негізінде, заңдағы баптарға сүйене отырып жүргізілуі тиіс.

3.СТУДЕНТТЕРДІ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЖӘНЕ ШЫҒАРУДЫҢ ТӘРТІБІ

       3.1 Колледжге оқуға түсуге Қазақстан Республикасының толық емес орта, орта, кәсіптік техникалық училище және орта арнайы оқу орнын бітірген азаматтары құқылы.
3.2 Оқуға түсу үшін азаматтар қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды көрсетеді:
– жеке куәлігі (төлқұжат);
– білімі туралы құжаты (түпнұсқа);
– №086-У үлгідегі медициналық анықтамасы;
– 3х4 фотосуретінің 6 данасы;
– жазылым куәлігі;

       – №063 медициналық анықтамасы;
– мекен-жайы туралы анықтамасы (мекен-жай бюросынан);
– қосымша анықтамалар
3.3 Оқуға қабылдауды директор ресімдеп, оқушының билеті мен арнайы үлгідегі сынақ кітапшасы тапсырылады.

       3.4 Студенттерді колледжден шығару келесі негізде:
– бір семестрде оқу сабақтарын себепсіз үнемі 120 сағат қалдырса;
– академиялық үлгермеушілігіне байланысты;
– колледждің ішкі тәртіп Ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған жағдайда;
– медициналық анықтамасы негізінде, денсаулығына байланысты;
– өз еркімен;
– құқық бұзушылықтары үшін полицияға шақыртылған жағдайда;
– оқу бөлімінде мәжбүрлеушілік, тәртіп бұзушылық, төбелес жағдайлары орын алғанда іске асырылады.

-Стипендия алатын студенттер себепсіз 36 сағат қалдырса  акт жасақталып,хаттама бойынша стипендиясын қию жүзеге асырылады.

4.СТУДЕНТТЕР МЕН ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

       4.1 Колледж оқытушылары мен жұмысшылары:
– колледж Жарғысы және директор бұйрығын, еңбек, ұжымдық келісім шарттарға сәйкес еңбек міндеттерін орындауға;
– еңбек тәртібін сақтау;
– еңбек қорғау, өндірістік тазалық, өрт қауіпсіздігін және технологиялық тәртіп талаптарын қатал түрде орындауға;
– колледж мүлігіне және жұмысшыларына, сонымен қатар адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп туралы дер мезгілінде хабарлауға;
– қызметтік, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын өзіне белгілі деректерді жария етпеуге;
– ішкі тәртіп Ережелерін шынайы және дұрыс орындауға;
– аудитория мен қызметтік бөлмелерінің кілттері оқытушыларға тек вахтермен журналға тізімделіп қана беріледі (кілтті вахтерге оқытушылардың өздері өткізуге міндетті). Студенттерге кілт беруге тыйым салынады.  Оқу бөлмелерінің кілттерінің соңғы сабақтан кейін өткізілу жауапкершілігін оқытушылар көтереді. Егер оқу бөлмесінде соңғы сабақтар болмай, бірақ есік жабылмай қалса, шам сөндірілмеген жағдайда кезекші оқытушысы немесе вахтер жауапкершілікті көтереді.
– лауазымдық міндеттерін өз уақытында және сапалы түрде орындау;
– оқу-ғылыми және өндірістік жабдықтарды, аппаратураларды, материалдарды, кітап қорын, мүліктерді сақтау және тиімді қолдануға;
– өз кәсіптік біліктілігін үнемі жүйелі түрде көтеруге;
– жұмыс орнын тазалықта және тәртіпте ұстауға;
– белгіленген заңдылық аясында жұмыс берушіге келтірілген залалды орнына келтіруге міндетті.
4.2 Әр жұмысшының міндеттері еңбек келісімімен, лауазымдық нұсқаулықпен және колледж ережесімен анықталады.
4.3 Қызметкерлер директордың нұсқаулықтарын және колледждегі педагогикалық кеңес шешімдерін орындауға міндетті.
– колледжде өткізілетін іс-шараларға және циклдық комиссияның оқу-әдістемелік жұмыстарына қатысуға;
– жұмыс барысында колледжге мүліктік зиян тигізбеу;
– өзара ауыстыруды қолдану мақсатында бағыттас жұмыстарды орындауға;
– оқу және тәрбие үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге (лауазымдық нұсқаулық негізінде);
– кадрлар бөліміне медициналық байқаудан өткені туралы анықтаманы уақытылы өткізуі керек. Медициналық байқаудан өтпегендер жұмысқа жіберілмейді.
– педагогикалық әдеп нормаларын сақтауға;
– оқушылар мәртебесін құрметтеуге;
– салауатты өмір салтын сақтау және оны уағыздауға;
– студенттердін жеке және шығармашылық қабілеттерін анықтау және қолдау көрсету;
4.4 Топтың жетекшісі студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуын, қалған уақытын өтеуін, колледждің  ішкі тәртіп Ережелерінің орындалуын қадағалап бақылайды /оқу тобының Ережесі негізінде/.
4.5 Оқу тобының жетекшісі және оқу кабинетінің меңгерушісі бекітілген аудиторияның тазалық жағдайына және мүліктерінің сақталуына бақылау жасайды.
4.6 Өз міндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жұмысшылар Қазақстан Республикасының Заңнамалары және берілген Ережелердің, колледж Жарғысының негізінде жауап береді.

5.СТУДЕНТТЕРДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

       5.1 Колледждің білім алушылары міндетті:
– мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білім мен білікті терең меңгеруге;
– оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін уақытылы орындауға;
– сабақтан қалмауға және кешікпеуге;
– колледжге талап етілетін киімде келуге;

       – колледжге суық қару /пышақ кастет т.б./ алып келуге тиым салынады;

       – колледжге үялы смартфон телефон алып келуге тиям салынады /жай телефон ұстауға рұқсат етіледі/;
– колледжге спорттық немесе джинсылық киімде келуге болмайды, тек спорттық мерекелерге, іс-шараларға ғана спорттық киім киюге болады;
– колледждің Жарғысын және ішкі тәртіп Ережелерін сақтауға;
– колледж әкімшілігінің бұйрықтарын орындауға,
– колледждің білім алушыларына мемлекеттік және әкімшілік ұйымдары, колледж әкімшілігі рұқсат етпеген іс-шараларға қатысуға (митингілер, шерулер және ереуілдер және т.б.) рұқсат етілмейді.
– колледж студенттері оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиетті өздері сатып алады.
5.2 Сабақтан қалған сағаттар сабаққа келген күннен бастап, он күн көлемінде өтелуі керек. Сабаққа кешіккендері де сабақтан қалғанына саналып, ол да орнына келтірілуі тиіс. Орны өтелмеген пәндер бойынша қанағаттандырарлық емес баға қойылады.
5.3 Аттестация барысы немесе емтихан кезінде үш қанағаттандырарлық емес баға алған жағдайда, білім алушы колледжден шығарылады. Бір немесе екі қанағаттандырарлық емес баға алған білім алушы аттестацияны қайта тапсыруы қажет (мерзімі педагогикалық кеңесте көрсетіледі), ал емтихан болса, сессия аяқталған соң, орнатылған тәртіп бойынша тапсырылады. Бір ай ішінде себепсіз жағдайда қанағаттандырарлықсыз бағасын жоймаған білім алушы колледжден шығарылады.
5.4 Ауырғаны бойынша немесе басқа да себепті жағдай бойынша, сабаққа келмеген білім алушы үш күн ішінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарын және өндірістік оқыту шеберің немесе топ жетекшісін хабардар етуі қажет. Егер оқушы науқастанғанына байланысты сабақтарды жіберсе, белгіленген үлгідегі амбулаторлық дәрігердің немесе емдеу бөлімінің анықтамасын көрсетуі керек.
5.5 Күзгі және көктемгі балшықта екінші аяқ киімі болуы керек, кезекші оқытушы мен кезекші топ студенттер барлық талаптарын орындаулары керек (орындамағаны үшін – тәртіптік жазалау қолданылады).
5.6 Колледж Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін орындауы керек.

 

6.ӘКІМШІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

       6.1 Колледж әкімшілігі:
– Қазақстан Республикасы еңбек заңдылығы талаптарын, келісімдерді, ұжымдық, еңбек шарттарын, олар бойынша шығарылған актілерді сақтауға;
– оқу және еңбек тәртібін нығайтуға;
– оқытушылар құрамы мен колледждің басқа қызметкерлерінің еңбегінің ұйымдастырылуы, олардың лауазымдары мен біліктілігі бойынша тиімді жұмыс істеуіне;
– жұмысшыларға уақытылы тапсырма беруге, оқытушылар мен білім алушыларға оқу сабақтарының кестесін хабарлауға, оларға қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз етуге (жабдықтар, техникалық құралдар);
– еңбектің, оқудың және тұрмыстың денсаулыққа қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуге;
– жұмысшылардың, оқытушылардың техникалық қауіпсіздігін, өндірістік тазалық пен өрт қауіпсіздігін сақтауларын үнемі бақылауға алулары;
– заңдылық қарастырған әлеуметтік жеңілдіктерді жұмыскерлерге ұсынуға;
– ұжымдық келісімдерді жүргізу, ұжымдық келісім шарттарды жасауға, сонымен қатар олардың орындалуын бақылау мақсатында жұмысшылардың өкілдеріне толық және анықталған ақпараттарды беруге;
– Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілері, еңбек, ұжымдық келісім шарттар, директордың бұйрығы негізінде жұмысшылардың еңбек ақысын және басқа төлемдерді өз уақытында және толық беруге;
– колледж жұмысшыларының біліктілігін көтеруге;
– Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша қызметкерлердің еңбектегі табыстары үшін материалдық түрде марапаттау, мадақтау, тәртіп жазасына және материалдық жауапкершілік тәртіпке тартуға міндетті.
6.2 Аптаның белгіленген күндері қызметкерлер мен студенттерді  жеке сұрақтары бойынша қабылдауға міндетті.

7.ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

       7.1 Колледжде қызметкерлер мен әкімшілік үшін 6 күндік жұмыс уақыты қарастырылған:
– жұмыс күні 8.00-дан 17.00-ге дейін
– түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін
– сенбі күні 8.30-дан 14.00-ге дейін (үзіліссіз).
7.2 Оқытушылар құрамы үшін 7 сағаттық жұмыс күні, сенбі күні 5 сағаттық жұмыс күні орнатылған. Жұмыс мерзімінде оқытушылар оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының барлық түрлерімен айналысулары керек:
– Оқу сабақтары кестесінің, жеке жоспарларының, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының орындалуын бақылау:
– Оқу топтарындағы өткізілетін сабақтары мен оқу жүктемесін қосқанда, штаттағы колледж оқытушылары жұмыс орындарында күнделікті сағат 8.30-ден 17.00-ге дейін болулары керек.
7.3 Оқу-көмектесушілік және әкімшілік-шаруашылық қызметшілердің жұмыс уақыты аптасына 40 сағатқа созылады.
7.4 Оқытушылар құрамының, жұмысшылардың және қызметкерлердің қосалқы жұмыс атқарулары негізгі жұмыстан бос уақытында өтуі керек.
7.5 Жұмысшылдардың басқа топтарына, директор орынбасарларына, бөлім меңгерушілеріне, кадр бөлімінің меңгерушісіне жұмыстың басталуы мен аяқталуының басқа мерзімі орнатылуы немесе нормадан тыс жұмыс уақыты орнатылуы мүмкін.
7.6 Кадр бөлімінің меңгерушісі  жұмысшылардың жұмысқа келулері мен кетулерінің есебін күнделікті жүргізіп, айдың соңында оқу уақытының есебінің табелін колледж бухгалтериясына өткізулері керек.
7.7 Колледж жұмысшыларының еңбек демалысы кестелері күнтізбелік жылға құрылып, жұмысшылардың барлығына хабарлануы керек. Оқытушылар құрамына еңбек демалысы жазғы демалыс уақытында беріледі.
7.8 Колледжде екі айда бір рет өткізілетін негізгі іс-шаралар:
– педагогикалық кеңес;
– қажеттілігіне байланысты кіші педагогикалық кеңестер;
– кесте бойынша оқу топтарында топ  сағаттары;
– әр аптаның дүйсенбі  күні сайын топ жетекшілері мен бөлім меңгерушілерінің отырыстары;
– әр сенбі сайын колледж төңірегінде сенбіліктер мен тазалау жұмыстары ұйымдастырылады;
– ата-аналар жиналысы жарты жылдық қорытынды нәтижелері бойынша өткізіледі;
– екі айда бір рет топ жетекшілерінің ӘБ отырысы өткізіледі.

8.ОҚУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

       8.1 Колледждегі оқу сабақтары кесте негізінде қазақ тілінде жүргізіледі.
8.2 Оқу кестесі оқу жоспары және бағдарламалары негізінде бір семестрге құрылып, семестр басталуына 10 күн қалғанда ілінеді.
8.3 Академиялық сағат 45 минутқа созылады. Сабақтың басталуы мен аяқталуы оқытушылар мен студенттерге  қоңыраудың соғылуы арқылы білдіріледі.
8.4 Оқу семестрінің созылуы 21 аптаны құрайды. Семестрдің соңында білім алушылар оқу жоспарлары мен бағдарламасы негізінде емтихандар мен сынақтар тапсырады. Семестр аралығында күндізгі оқу бөлімі студенттеріне  демалыс беріледі.
8.5 Оқу топтарындағы барлық оқушылардың ішіндегі ең үздік және тәртіпті студенттердің  бірі топ старостасы болып сайланады.
8.6 Топ старостасы топ жетекшісіне бағынып, олардың нұсқаулары мен өкімдерін топ студенттеріне жеткізеді.

 

 

9.ТОП ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ МІНДЕТТЕРІ

       9.1. Оқу сабақтарына студенттердің  қатысуын журналға ресімдейді;
9.2. Топ жетекшісі мен өндірістік оқу шеберіне немесе тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға, студенттің сабаққа келмеген немесе кешіккен себебін айқындап, сабаққа қатыс жөнінде мәлімет тапсырады;
9.3. Сабақ кезінде студенттердің тәртіптерін және оқу жабдықтарының сақталуын бақылайды;
9.4. Студенттердің оқулықтар мен оқу құралдарын уақытылы алуын және дұрыс бөлінуін ұйымдастырады;
9.5. Сабақ кестесіндегі болып жатқан өзгерістерді  студенттерге жеткізеді;
Топ старостасының нұсқаулары, көрсетілген қызмет аясында, барлық топ студенттер  үшін міндетті болып табылады.

 

10.ЖЕТІСТІКТЕР ҮШІН МАДАҚТАУЛАР

       10.1 Өз лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, еңбектегі жаңашылдығы және басқа да жетістіктері үшін жұмысшыларға келесі мадақтаулар қолданылады:
– алғыс жариялау;
– сыйақы беру;
– бағалы сыйлықпен марапаттау.
Жұмысшыға ерекше қызметтері үшін:
– төс белгілеріне, медаль және ордендер;
– құрметті атақ  ұсынылады
10.2 Жақсы үлгерімі, үлгілі тәртібі және колледждің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін студенттерге келесі мадақтаулар қолданылады:
– алғыс жариялау;
– сыйақы беру;
– бағалы сыйлықпен марапаттау.
10.3 Мадақтаулар колледж директорының бұйрығымен жарияланады, ұжымның барлық мүшелеріне жеткізіледі және жұмысшының еңбек кітапшасына немесе студенттің жеке ісіне жазылады.

 

 

 

11.ЕҢБЕК, ОҚУ ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ЖАУАПКЕРШІЛІК

       11.1 Еңбек тәртібін, ішкі тәртіп Ережелерін және еңбек келісімі шарттарын бұзғаны үшін жұмысшыға келесі тәртіптік жазалаулар қолданылады:
– ескерту;
– сөгіс;
– қатаң сөгіс;
– ҚР Еңбек кодексімен бекітілген еңбек келісім шартын директор бастамасымен бұзу.
11.2 Оқу тәртібін, ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін студенттерге келесі тәртіптік жазалаулар қолданылады:
– ескерту;
– сөгіс;
– қатаң сөгіс;
– оқу орнынан шығару.
11.3 Шара алынғанға дейін жұмысшыдан немесе студенттен түсініктеме алынады. Жұмысшының немесе студенттің жазбаша түрде түсініктеме бермеуі, тәртіптілік шарадан босатпайды; әкімшілік тәртіптік шараны тәртіпсіздік анықталған кезден бастап бір ай көлемінде, жұмысшының, студенттің ауырған кезін немесе еңбек демалысын санамағанда, қолданылады. Тәртіптік шара тәртіпсіздік орын алған 6 ай ішінде орындалуы керек.
Егер колледжге материалды шығын келтірілмесе, әрбір тәртіп бұзушылық үшін бір тәртіптік жазалау қолданылады. Бұл жағдайда тәртіпсіздіктің ауырлығы, жағдайлары, алдындағы жұмыстар есепке алынады (оқуы және жұмысшының, студенттің тәртібі).
11.4 Тәртіптік шараны колледж директоры жариялайды және жұмысшыға, студентке 3 күндік мерзімде хабарланады, содан кейін директор бұйрығымен колледж ұжымына жеткізіледі.
11.5 Егер тәртіптік шара алынған  бір жыл ішінде, жұмысшы немесе білім алушы жаңа тәртіптік жазалау алмаса, онда ол тәртіптік жазалау алмаған болып саналады. Егер жұмысшы немесе студент жақсы және адал еңбегімен (оқуымен) көрінсе, әкімшілік оған салынған тәртіптік жазалауды қысқа мерзімде алып тастайды.

 

12.ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ТӘРТІП

       12.1 Әкімшілік колледж дәрісханаларының, жабдығының және басқа мүліктерінің сақтығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар оқу дәрісханаларындағы, бөлмелердегі және тұрмыстық дәрістердегі қажетті тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Ғимарат күзеті, мүліктер мен олардың өрт қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайы директор бұйрығымен арнайы әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерге жүктеледі.
12.2 Оқу бөлмелеріндегі тәртіп пен тазалық үшін (жиһаздардың, оқу жабдықтарының орнықты болуы, қалыпты температураның, жарықтың сақталуы және тағы басқа) жауапкершілікті  кабинет меңгерушілері көтереді.
12.3 Зертханалардағы және дәрісханалардағы оқу-ғылыми жабдықтардың қалыпты болуына, сабаққа оқу құралдарының дайын болуына кабинет меңгерушісі жауап береді.
12.4 Колледж  дәрістерінде:
– бас киіммен жүруге;
– қатты сөйлеуге, шулауға, сабақ кезінде дәлізде жүруге;
– шылым шегуге, спирттік ішімдіктерді және есірткі құралдарын қолдануға;
12.5 Оқу бөлмелері мен аудиториялардың, зертханалардың, бөлмелердің кілттері колледж күзетшісінде болуы керек және директордың әкімшілік-шаруашылық орынбасары  бекіткен тізім бойынша беріледі.
12.6 Арнайы тәртіп пен тазалықты барлық оқу, оқу-өндірістік жайларда, аудитория мен бөлмелерді колледждің техникалық жұмысшылары тазалайды.
12.7 Арнайы тармақтарды бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасы Азаматтық Заңдылықтары негізінде әрбір тәртіп бұзушы дербес жауап береді, сонымен қатар Ереженің жекелеген тармақтарын бұзғаны үшін айыппұл салынады.
Ішкі тәртіп Ережелерімен, Ереже бекіткен тәртіпті өзінің күнделікті жұмысында, оқуында орындауға міндетті, барлық жұмысшылар мен студенттерге таныстырылуы тиіс.

МАЗМҰНЫ

1 ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР

 

2 ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ ЖҰМЫСҚА АЛУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ
3 СТУДЕНТТЕРДІ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЖӘНЕ ШЫҒАРУДЫҢ ТӘРТІБІ
4 СТУДЕНТТЕР  МЕН ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
5 СТУДЕНТТЕРДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
6 ӘКІМШІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
7 ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
8 ОҚУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
9 ТОП ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
10 ЖЕТІСТІКТЕР ҮШІН МАДАҚТАУЛАР
11 ЕҢБЕК, ОҚУ ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ЖАУАПКЕРШІЛІК
12 ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ТӘРТІП

 

Всего комментариев: 0