Жұмысшы мамандықтар жылы

2025 жылдың 5 маусым күні “Жұмысшы мамандығы-ел экономикасының қозғаушы күші” тақырыбында жұмысшы мамандар форумы ұйымдастырылды.
Форум мақсаты – жұмысшы мамандықтары бойынша кадрларды даярлау және қолдауды күшейту, жұмысшы мамандықтарының имиджін, беделін арттыру, жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.
Форумды Индер ауданының әкімі орынбасары Мурзин Артур Табылдыұлы ашып,Форум жұмысына сәттілік тіледі.
Атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының техникалық, кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Кабиева Айнагул Сергеевна кәсіптік білім беру саласындағы жетістіктерді баяндады.
Форумда мамандықтар көрмесі мен шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.
Форумға ТжКББ ұйымдары өкілдері, шаруа қожалықтары, колледжіміздің әлеуметтік серіктестіктері; жергілікті кәсіпкерлер,аудандық Мансап орталығы мамандары,аудандық білім бөлімі мамандары, аудан мектептеріндегі кәсіби бағдар беруші педагогтер,колледж түлектері қатынасып,өзара тәжірибе алмасты.
Колледж педагогтері мен әлеуметтік серіктестер облыстық білім беру басқармасының және әдістемелік орталықтың “Алғыс хатымен “ марапатталды.
Жұмысшы мамандар форумын колледж директоры Абенова Гульфара Есенжановна қорытындылады.

 


Жарияланды: 09.06.202512:44

Автор: