Студенттермен кездесу

Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Жұмысшы мамандықтары – ел дамуының іргетасы!» тақырыбында Көктем қазақ орта мектебінде ұйымдастырылған 9-10 сынып білім алушыларының қатысуымен аталған мектептің түлектері, қазіргі уақытта колледждің “Дәнекерлеу ісі” мамандығының ІІ курс студенті Жұбанғали Әділхан мен “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының ІІІ курс студенті Исатай Жайнагүл кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесуде болды.
Мақсаты: Колледжде білім алудың өзіндік. ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы ақпараттармен оқушыларды таныстыру. Жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылықтарын ояту, әр оқушының өз қабілеті мен икеміне сай мамандық таңдауына қолдау білдіру
Студенттеріміз колледжде оқудың артықшылықтарына тоқталып, белгілі бір салада жұмыс істеу үшін қажетті білімді меңгерумен қатар, қазіргі кезеңде ең маңызды икемді дағдыларды қалыптастыу орталығы болып табылатынын атап өтті.


Жарияланды: 03.05.202510:02

Автор: