«ЗАМАНАУИ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТА ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ІС-ТӘЖІРИБЕЛЕР»

26 сәуір күні Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Заманауи кәсіптік білім беруді инновациялық бағытта ұйымдастырудағы іс-тәжірибелер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар мақсаты: Кәсіптік және техникалық білім беруді ұлттық деңгейде дамытудың тиімді бағыттарын басшылыққа алу, кәсіптік білім берудегі дуалды оқыту жүйесіндегі тәжірибені енгізу, әріптестермен іс-тәжірибе алмасу болып табылды.

Семинарға қатысушылар колледж базасымен таныса келе, жолда жүру ережелері сабағын ағылшын тілімен байланыстыра өткізген «Жол қозғалысын реттеу- Traffic control»атты ашық сабағына қатысты.Сабақты жоғары санатты жолда жүру ережесі пәнінің оқытушысы Бисенғалиев Салық Ақжігітұлы мен Гинаятова Саягул Идеятовна өткізді.

Семинар жұмысын облыстық әдістемелік орталығының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жандарбек Мұқанғалиевич Қапсиық ашып, семинар жұмысын жалғастырды. Семинар жұмысын баяндамашылар жалғастырды, атап айтқанда:

«Арнайы пәндерді меңгертудің тиімді әдістері» – атты баяндамамен Исаева Жулдыз Тукеновна Атырау аграрлы-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы,

«Дуальды оқыту жүйесін ендірудің тиімді жолдары» – Жумагазиев Ерболат Хабиболлаевич- Энергетика және құрылыс колледжінің өндірістік оқыту шебері әрі шеберхана меңгерушісі,

«Дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі»Хамитов Жанболат Хамитович- Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің арнаулы пән оқытушысы және арнаулы пән бірлестігінің жетекшісі,

«Ақпараттық-технологиялық құралдарды өндірістік оқуда тиімді пайдалану жолдары»-Линатов Бөкейхан Жігерұлы-Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі,

«Инновациялық технология-білім сапасын арттыру кепілі»-Кабешова Айнагуль Кадиржановна- Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі,директордың оқу-өндірістік оқу жөніндегі орынбасары

Семинар соңында Ж.Қапсиық қорытындылай келе, Атырау облыстық білім беру басқармасының «Алғыс хатымен» баяндамашылар және ашық сабақ өткізген С.Бисенғалиев, С.Гинаятова және Индер колледж ұжымына марапатталды.

Семинар соңында Қарой жеріне Махамбет Өтемісов және Малайсары мазарына саяхат ұйымдастырылды.

Семинар өз мақсатына жеткен шара болды.


Жарияланды: 28.04.201812:09

Автор: