Әжелер кеңесі – студенттерге өнеге
Ардагерлер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы, Индер ауданы ардагерлер кеңесі жанындағы «Әжелер алқасы»-ның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Индербор кентіндегі құқықтық-ақпараттық кеңес беру орталығымен бірлескен «Жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі» тақырыбындағы студенттермен кездесу өткізілді. Аталған шараға:
• “ҚССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері” Индер ауданының “Құрметті азаматы”, Атырау облысынын ардақты ардагері, Индер аудандық “Әжелер алқасынын” төрайымы Карекешова Бақыт Рахымжанқызы.
• Білім беру ісінің ұздігі, еңбек ардагері, Бүкіл одақтық коркемөнерпаздар фестивалінін лауреаты Қажымұрат Жамал Қажымұратқызы.
• Индер ауданының прокуроры Ешманов Нариман Олжабайұлы
• Индер аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Халықов Сүйеу
• Колледждің ардагер ұстазы аудан, облыс, Республиканың Құрмет грамоталарының иегері Нұрғалиева Майра Ильясовна
• С.Сейфуллин мектебінің ардагер ұстазы, аудан, облыс, Республиканың Құрмет грамоталарының иегері Сұлтангалиева Дәметкен Байтұрсынқызы
• М.Әуезов мектебінің ардагер ұстазы «Үздік педогогикалық қызметі үшін» Құсиын Айтқалиев атындағы төсбелгісінің, «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісінің иегері Аймуратова Нұржамал Сапарқызы
• Индер АПБ- і бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Кубашев Арман Хайроллаұлы қатынасып, студенттердің құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілігі бағытында өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау үшін құқықтық білімді жетілдіру қажеттілігі басты назарда болды. Оның ішінде қоғамдағы бес кесел нашақорлық, какофемизм, ысырапшылдық, вандализм, лудоманияның алдын алу бағытында дәрістер айтылды.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, нақты, заң талаптарына сай жауаптар алды.
Өзекті мәселеге баса назар аударып, өнегелі әңгімелерін айтып уақыттарын арнаған қонақтарға колледж директоры Г.Абенова ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да бұл тақырып аясында шаралар өз жалғасын табатынын айта кетті.
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#индерколледж
#сыбайласжемқорлық_атырау_2025
#нашақорлық_атырау_2025
#құқықбұзушылық_атырау_2005
Колледжімізде Ардагерлер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы, Индер ауданы ардагерлер кеңесі жанындағы «Әжелер алқасы»-ның жұмыс жоспарына сәйкес Индербор кентіндегі құқықтық-ақпараттық кеңес беру орталығымен бірлескен «Қыздардың жыныстық тәрбиесі мен саулығы, жеке бас гигиенасы» тақырыбында кездесу шарасы өткізілді.
Индер аудандық емхана Акушер- гинеколог дәрігері Исмагамбетова Индира Хамидуллаевна және бірқатар ардагер ұстаздар қатысып, қыздардың жыныстық тәрбиесі, жеке бас гигиенасы және ерте жүктіліктің қыз бала денсаулығына тигізетін зардабы, жыныстық жолдар арқылы жұғатын аурулар, оның алдын алу бағытында дәрістер айтылды.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды, пікір алмасты.
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#индерколледж
#нашақорлық_атырау_2025
#құқықбұзушылық_атырау_2005
#ертежүктіліктің_алдыналу_атырау_2005