Әжелер кеңесі

Аудандық ардагерлер ұйымы жанынан құрылған Әжелер кеңесінің бастамасымен колледжде студенттермен «Жасөспірім ұлдардың жыныстық тәрбиесі» тақырыбында тағылымды кездесу өткізілді. Кездесуге Индер аудандық Әжелер кеңесінің төрайымы Б.Қарекешова, кеңес мүшесі Ж.Қажымұрат, кеңес мүшесі Қ.Самалықова, аудандық аурухана дәрігері А.Бисенбаев және аудандық санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің зейнеткері Ш.Ержанова қатынасып, ұлдардың тұлғалық қалыптасуы, жауапкершілік, еңбекқорлық және патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жасөспірім кезеңіндегі физиологиялық өзгерістер, жеке гигиена және денсаулық мәдениеті туралы түсіндірілді. Оқушыларға өз – өзіне құрметпен қарау, дұрыс қарым – қатынас орнату және саналы шешім қабылдау жолдары айтылды.
Кездесу барысында зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде кеңестер берілді.


Жарияланды: 29.04.202609:31

Автор: