Автордың жарияланымдары: admin
admin
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі бойынша жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында “Парасаттылық мектебі” ашылды.
Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінде білім беру ұйымын аккредитациядан өткізу жоспарына сәйкес І кезең семинар жұмысы өткізілді.
Колледждің педагогикалық ұжымына АТҚО директорының орынбасары Жолдасбекова Бибигуль Сабырбековна және РНМЦ филиалының директордың міндетін атқарушысы Рамазанов Ержан Куншыгаровичтің қатысуымен “Бңлңм беру саласындағы аккредиттеу процесінің негізгі тәртіптері” туралы түсіндірілді. Семинар барысында сұрақтар қойылды. Мамандықтар бойынша материалдық база қаралды.
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Қызықты көңіл, студенттік өмір» атауымен студенттер күні аталып өткізілді. Шараны колледжі директоры Б.Құнас ашып, I курс студенттеріне студенттік билеттерін табыстады. Шара барысында флешмоб ұйымдастырылып, белсенді топтар марапатталды. Колледжде дәстүрлі “Арайлы алтын күз ” күзгі бал кеші өткізілді. 03-к-АШТМ-2, 03-к-Т топтары жеңімпаз деп табылып, жүлделер тапсырылды, соңы би кешіне ұласты.
«Тәуелсіздік тұғырындағы ел тағдыры- Елбасы Жолдауы» атты қоғамдық пәндер апталығы аясында ашық сабақ, танымдық шаралар өткізіліп, ағылшын тілі пәні оқытушысы Гинаятова Саягул Идеятовна І курс студенттерімен «Happy day» шеберлік сыныбын ұйымдастырды. “Тамақтандыруды ұйымдастыру ” мамандығы бойынша арнаулы пәндер апталығы барысында арнаулы пән оқытушысы Әжігереева Гүлмиза Асхатқызы “Ұн және макарон өнімдері ” тақырыбындағы ашық сабағын “CLIL кәсіби ағылшын тілін практикада енгізу әдістемесімен” , пәндік- тілдік интеграцияланған түрде, оқыту нәтижелігін бағалау критерилерін қолдана отырып өткізді. Апталық аясында “ Ұн кондитер өнімдері ” шеберлік сыныбы, “ Кім білгір ” сайысы мен колледжшілік “ Үздік аспаз -2018 ” сайысы “ World Skills” халықаралық чемпиионат стандарттарына сәйкестендіре отырып өткізілді.