Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің арнаулы пән оқытушысы Бисенгалиев Салық «Кәсіптік білім беру сапасын көтеру: оларды шешу мәселесі» атты Халықаралық дөңгелек үстелге қатысып қайтты. Бұл шара Ресейдің Ставрополь өлкесі Андропов ауданы Курсавка селосындағы ГБПОУ КРК «Интеграл» конференц-залында өтті. Дөңгелек үстел барысында екі жақты өзекті мәселелер айтылды. Қатысушыларға Сертификат табыс етілді.
Автордың жарияланымдары: admin
admin
2018 жылы 22 мамырда Ресейдің Астрахань қаласында ұйымдастырылған «Дәнекерлеуші-2018» Халықаралық конкурсына Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі бойынша ІІ курс студенті Саясат Нұрсұлтан өндірістік оқыту шебері Газизов Русланмен қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
26 сәуір күні Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Заманауи кәсіптік білім беруді инновациялық бағытта ұйымдастырудағы іс-тәжірибелер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар мақсаты: Кәсіптік және техникалық білім беруді ұлттық деңгейде дамытудың тиімді бағыттарын басшылыққа алу, кәсіптік білім берудегі дуалды оқыту жүйесіндегі тәжірибені енгізу, әріптестермен іс-тәжірибе алмасу болып табылды.
1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды.