Әлеуметтік серіктестіктердің рөлі
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі шеберханасында базалық мекемелер, серіктес мекемелер өкілдерімен инженер-педагог кадрлармен “Әлеуметтік серіктестіктердің рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөнгелек үстел барысында еңбек нарығының сұранысына сай мамандарды даярлау сапасын арттыру, оқу бағдарламаларын жаңарту және жаңа мамандықтарды ашу мәселелері талқыланды.
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде өткен шара аясында:
ШК “Весна”,
ЖК “Измагамбетов”,
ЖК “Саке Суши”
мекемелерімен колледжі арасында Әлеуметтік серіктестік келісім шарттарынына қол қойылды. Болашақта біріге отырып жасалатын жұмыстар :
-Колледждің даму стратегиясын қалыптастыру;
-Еңбек нарығын зерттеу;
-Кадрлық қамтамасыз ету;
-Колледждің өндірістік қызметін дамыту бойынша әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл кеңейту;
-Арнаулы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру салаларын жетілдіру жоспарланды.