Мамыр айының 7 жұлдызында Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде Қазақстан Қарулы күштеріне 25 жыл және Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Колледж директоры Б.Құнас құттықтау сөз сөйлеп, концерттік бағдарлама көрсетілді.
Мамыр айының 7 жұлдызында Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде Қазақстан Қарулы күштеріне 25 жыл және Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Колледж директоры Б.Құнас құттықтау сөз сөйлеп, концерттік бағдарлама көрсетілді.
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Үздік жүргізуші-2017» сайысы 10 айлық АКҚКЖП оқу тобы мен 03-к-ФШ топтары арасында өтті. 10 айлық оқу тобынан Аманқұл Нұржан мен Төтеш Заңғар, 03-ФШ тобынан Әдиет Еділ, Вьюрков Владислав,Крапивный Максим және Құбаев Әділет қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша «Үздік жүргізуші» болып Құбаев Әділет танылса, І орынға Аманқұл Нұржан, ІІ орында Крапивный Максим, ІІІ орынға Вьюрков Владислав шықты.
Колледже қоғамдық пәндер онкүндігі аталап өтті. Тақырыбы: «Тәуелсіз елімнің ерлік жолы». Орыс тілі пәнінен «Ф.Достоевский – как зеркало русской души» атты шара өте тамаша шықты. «Желание учиться» саптүзеуінде көрініс көрсетсе, «Наша Независимость» шарасында мәнерлеп оқудан сайыс өткізді.
18-28 сәуір аралығында Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде Жаратылыс тану, математика пәндері бірлестігінің онкүндігі өтті. Апталық аясында газеттер шығарылып, пән дәптерлерінен көрме ұйымдастырылды. Саптүзеулерде мынадай тақырыптар қамтылды: «Табиғат-тіршіліктің құт берекесі», «Математика және көркем әдебиет», «Құбылыстар құпиясы», «Химия-өмір. Өзіңізді білесіз бе?». Күннің екінші жартысында «Информатика-ғасыр талабы», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», «Жас физиктер», «Ұрпақ азбасын, ұлт тозбасын» сияқты шаралар өтті. Апталыққа студенттер белсенділікпен қатысты.
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде 20.02.-28.02.2017 жыл аралығында 8 пәннен, атап айтқанда, математика, физика, химия, ағылшын тілі, орыс тілі,Қазақстан тарихы, информатика және экономика пәндерінен олимпиада өткізілді.Бірлестік отырыстарында олимпиада тапсырмалары жасақталып, беркітілді. Олимпиадаға математика пәнінен-14,физикадан-14, химиядан-15, ағылшын тілінен-11, орыс тілінен-24, Қазақстан тарихынан-16, информатика және экономикадан-12-ден студенттер қатысты.Барлық олимпиадаға қатысқан студенттердің саны-118, ол колледж студенттеріне шаққандағы қатыс-48%былтырғы оқу жылымен салыстырғанда -5 пайызға өскен.